Жылу энергиясымен жабдықтау жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгілік шарт
Қазақстан
Республикасы |
Жылу энергиясымен жабдықтау жөнiндегі қызметтердi көрсетуге арналған үлгілік шарт
Тараз
қаласы |
20__ жылғы "__"___________ |
«Таразэнергоорталық» АҚ, БСН 041140005608, бұдан әрі, Өнім беруші деп аталатын (жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектiнiң атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)атынан _________________________ негiзiнде әрекет ететiн (құжаттың атауы) _____________________________________________________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі (бұдан әрі – X.X.Т.) бiр тараптан және бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын __________________________________________________________________ атынан тұтынушының деректемелері, мекенжайы (заңды тұлғаның атауы, X.X.Т., жеке тұлғаның атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететiн _____________________________________________________________ (лауазымы, X.X.Т.) екiнші тараптан, мына төмендегiлер туралы осы Шартты (бұдан әрi – Шарт) жасасты.
1-тарау. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Шартта мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
есеп айырысу кезеңі – тұтынылған жылу энергиясы есепке алынатын және Тұтынушыға төлемге ұсынылатын жылу энергиясына арналған шартпен айқындалатын уақыт кезеңі (күнтізбелік ай);
жылу энергиясы үшін есеп айырысу – Тұтынушының Өнім беруші берген төлем құжаты негізінде есеп айырысу кезеңі аяқталған соң тұтынылған жылу энергиясы үшін төлемақысы;
жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіру, жылу беру және жылуды тұтыну құрылғыларынан тұратын жиынтық;
жылу тұтыну құрылғысы – жылу энергиясын Тұтынушының қажеттіліктері үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішті пайдалануға арналған құрылығы;
жылу желiсi – жылу энергиясын беруге, таратуға арналған құрылғылар жиынтығы;
жылу жеткізгіш – жылу энергиясын беруге арналған жылумен жабдықтау жүйесінде пайдаланылатын зат (су, бу);
жылу энергиясы – тұтыну кезінде жылу жеткізгіштің термодинамикалық параметрлері (температура, қысым) өзгеретін жылу жеткізгіш беретін энергия;
өлшеу құралдарын тексеру – өлшеу құралдарының белгіленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкес келуін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
өнім беруші – сатып алынған жылу энергиясын Тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым;
тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – жылу тұтынатын құрылғылардың және/немесе желінің теңгерімдік тиесілігі бойынша немесе тараптардың келісімімен айқындалатын жылу тұтынатын құрылғыларды және/немесе Тараптар желілерін бөлу нүктесі (сызығы), көп пәтерлі тұрғын үйлердегі тұтынушы мен энергия беруші немесе энергиямен жабдықтаушы ұйым арасындағы пайдалану жауапкершілігінің шекарасы басқару торабының кіріс ысырмаларының бірінші бөлу фланеці бойынша айқындалады (Элеватор);
теңгерімдік тиесілік шекарасы – жылу желісінің теңгерімдік тиесілігі бойынша анықталатын энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен Тұтынушы арасындағы, сондай-ақ Тұтынушы мен қосалқы тұтынушы арасындағы жылу желісін бөлу нүктесі;
төлем құжаты – Өнім беруші есепке алу аспаптарының нақты көрсеткіштерінің негізінде жазған, ал ол болмаған немесе уақытша бұзылған жағдайда, есептеу жолымен - оның негізінде Тұтынушы тұтынған жылу энергиясы үшін төлемақы жүргізетін құжат (шот, хабарлама, түбіртек, ескерту шоты);
тұтынушы – реттеліп көрсетілетін қызметтерді пайдаланатын немесе пайдалануға ниеттенетін жеке немесе заңды тұлға;
уәкiлеттi органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы.
2-тарау. Шарттың нысанасы
2. Шарттың алдындағы міндетті талаптар: _____________________________________________________________________________________ (осы тармақта мынадай міндетті талаптар көзделеді: энергетика саласындағы қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға сәйкес жылу энергиясын беру және тұтыну режимі, бумен және ыстық сумен жылу энергиясын сағаттық ең жоғарғы босату, сондай-ақ энергетика саласында қолданыстағы нормативтік техникалық құжаттаманы ескере отырып, жылу жеткізгіштегі тиісті сағаттық ең жоғарғы шығысы және оны қайтарудың талаптары, жылу энергиясын кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын заңды немесе жеке тұлғаларға арналған жылу энергиясының мөлшері, тұтынушы қайтаратын конденсаттың көлемі мен сапасы, оның ішінде жылумен жабдықтау жүйелерінің техникалық дайындығы актісінің, жылу желілерінің теңгерімділік тиесілілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін бөлу актісінің және өзге де құжаттардың болуы).
Қажет болған жағдайда Шарт алдындағы міндетті талаптар Шартқа жеке қосымшамен ресімделеді.
3. Өнім беруші Тұтынушыға энергия беруші ұйымдардың қосылған желісі арқылы жылу энергиясын беруге міндеттенеді.
Бұл ретте тұтынушыларға жеткізілетін жылу энергиясының параметрлері (сапасы) тараптардың теңгерiмдiк тиесiлiлігінің шекарасында орнатылған коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткiштерi бойынша айқындалады және мемлекеттік стандарттарда немесе энергетика саласындағы өзге де нормативтiк техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, сондай-ақ Өнім беруші жасаған және жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген температуралық кестеге сәйкес келуге тиiс.
Өнім беруші Тұтынушыны Шартқа сәйкес жылу энергиясымен қамтамасыз етуге міндетті.
3-тарау. Көрсетілетін қызметтердi ұсыну шарттары
4. Өнім беруші жылу энергиясын босатуды, тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, үздіксіз жүргізеді.
5. Тұтынушының тұтынатын жылу энергиясының жүктемесі мен мөлшерін, алынған техникалық шарттардағы мәлімделген және тіркелген жобалық шамалардан асырмай, бірақ Шартта көрсетілгеннен асыруына Тұтынушының өтінімі бойынша Өнім берушінің рұқсатымен жол беріледі, бұл ретте Шартқа тиісті өзгерістер енгізіледі.
6. Тұтынушы Өнім берушіге Шартта айқындалған талаптармен жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге, сондай-ақ жылу энергиясын тұтыну режимі мен осы Шартта көзделген басқа талаптарды сақтауға міндеттенеді.
7. Өнім беруші Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10234 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жылу энергиясын пайдалану қағидалары) және осы Шартта көзделген жағдайларда, оның ішінде мынадай:
1) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган куәландырған жылу тұтыну құрылғыларының қанағаттанарлықсыз жай-күйі авария кауіпін туғызатын немесе азаматтардың өмірлері мен қауіпсіздіктеріне қауіп төндіретін жағдайда, Тұтынушыны міндетті түрде хабардар ете отырып және толық жеткізілмеген жылу энергиясы үшін кейін қайта есеп айырысу жүргізумен;
2) жылу тұтыну құрылғыларына және (немесе) жылу энергиясын есепке алу аспаптарына олардың техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін Өнім берушінің және Мемлекеттік энергетикалық бақылау өкілдерін жібермеген жағдайда, Тұтынушыны кемінде үш тәулік бұрын ескертумен;
3) осы Шарттың 8-тармағында көзделген жағдайларда, Тұтынушыны кемінде үш тәулік бұрын ескертіп;
4) жылу тұтыну құрылғылары жүйелерін есепке алу аспаптарын орнату орнына дейін қосқан жағдайда;
5) жылу желісіне жаңа қуаттарды өздігінен қосқан жағдайда;
6) тараптардың арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі ұсынылған қызметтер үшін ақы төлемеген жағдайда;
7) жылу тұтыну құрылғыларының және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмыс істеуінің техникалық дайындығы актісінсіз жылу желілеріне қосылған және Тұтынушыда (тұрмыстық тұтынушылардан басқа) тиісті дайындалған персонал және жылу тұтыну құрылғыларының қауіпсіз әрі сенімді жұмыс істеуіне жауапты адамды тағайындау немесе осындай қызмет түрімен айналысуға рұқсаты бар мамандандырылған ұйыммен қызмет көрсетуге шарт болмаған жағдайда;
8) егер тараптардың келісімдерінде өзгеше көзделмесе, Шартта көзделген конденсат көлемін 30 %-дан кем қайтарған жағдайда тоқтатуға немесе шектеуге құқылы.
9) авариялық жағдайда тұтынушыға жылу энергиясын беруді тоқтатуға немесе шектеуге құқылы.
Өнім берушінің жылу энергиясын беруді тоқтатуы не шектеуі Тұтынушыны ескерту арқылы жүргізіледі:
осы тармақтың 4), 5) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда – дереу;
осы тармақтың 1), 2), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда – егер шартта өзгеше көзделмесе, энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыны жазбаша хабардар еткеннен кейін (хабарлама қою жолымен) немесе жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушыларға жылу энергиясын беруді тоқтатқанға немесе шектеуге дейін кемінде үш тәулік бұрын тұтынушының электрондық поштасына, факсына хабарлау жолымен.
Бұл ретте Тұтынушының жазбаша түрдегі ескертуі тұтынушының жеке өзіне қол қойғызып тапсырылады не Тұтынушыға тапсырыс хатпен жіберіледі, ал осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайда Тұтынушы телефонограммамен хабардар етілуі мүмкін.
Тұтынушы шарт жасасу кезінде не кейіннен электрондық поштаның мекен-жайын ұсынған жағдайда ескерту тұтынушының электрондық поштасына жіберіледі.
Көппәтерлі тұрғын үйлерде тұратын Тұтынушыларға осы тармақтың 1), 3), 4), 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда жылу энергиясын берудің тоқтатылатыны немесе шектелетіні туралы ескерту кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті тұлғасының мекенжайына хат, телефонограмма жіберу жолымен жүзеге асырылады.
8. Жабдықты жөндеу және (немесе) жаңа тұтынушыларды қосу жөніндегі жоспарлы жұмыстарды жүргізу қажет болған және резервтік қорек болмаған кезде Тұтынушыны ажырату тәртібі Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес көзделеді.
4-тарау. Жылу энергиясын есепке алу
9. Тұтынушылардың жылу тұтыну құрылғылары жылу энергиясына есеп айырысу үшін қажетті есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етіледі. Тұтынушы есепке алу аспаптарын дербес сатып алуға және орнатуға құқылы. Есепке алу аспаптарын Өнім беруші сатып алған және орнатқан жағдайда, Тұтынушы онымен Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіпте жылу энергиясын есепке алу аспабын сатып алу мен орнатуға тиісті шарт жасасады. Жылу энергиясын есепке алуды ұйымдастыру, жылу жеткізгіштің жылу энергиясын есепке алу тораптарының техникалық жай-күйі нормативтік техникалық құжаттамалардың талаптарына жауап беруі тиіс.
10. Жылу энергиясын есепке алу үшін үлгілері Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік тізіліміне енгізілген есепке алу аспаптары пайдаланылуы тиіс. Бұл ретте, оларда алғашқы немесе кезеңмен тексерілгені туралы осындай тексеруге құқығы бар ұйымның таңбасы болуы қажет.
Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды энергия беруші (энергиямен жабдықтаушы) ұйымның өкілдері Тұтынушының не оның өкілінің қатысуымен, ал көрсеткіштері қашықтықтан алынатын есепке алу аспаптарын орнатқан жағдайда Тұтынушының қатысуынсыз жүргізеді.
Бұл ретте, Тұтынушы қағаз тасығышта басып шығаруға немесе есепке алу аспаптары көрсеткіштерінің электрондық нұсқасын алуға құқылы.
Тұтынушының кінәсінан есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу мүмкін болмаған кезде және егер бұл ретте тұтынушы энергия беруші ұйымға өзі жұмсаған жылу энергиясының мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаса, энергиямен жабдықтаушы ұйым нақты тұтыну бойынша кейіннен қайта есептеуді жүргізе отырып, өткен жылдың осындай кезеңіндегі Тұтынушының жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша көрсетілген кезеңдер үшін есеп айырысуды жүргізуге құқылы. Тұтынушының кінәсінан есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алудың мүмкін болмауы Өнім берушінің журналында тиісті жазбамен расталады.
11. Есепке алу аспаптарын кезеңмен тексеруді, жөндеуді және оған техникалық қызмет көрсетуді энергия беруші ұйым не осындай қызмет түріне рұқсаты бар өзге мамандандырылған ұйым Тұтынушымен жасалған жеке шарт бойынша жүзеге асырады.
Тұтынушы есепке алу аспаптарын тексеру, жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін мамандандырылған ұйымды өзі таңдауға құқылы.
12. Тараптар өз теңгерімдеріндегі есепке алу аспаптарына тиісті метрологиялық стандарттарда көзделген мерзімдерде өз есептерінен метрологиялық тексеру жүргізеді.
Тараптар талап етуші тараптың есебінен жүргізілетін қосымша тексерулер жүргізуді талап ете алады.
13. Өнім беруші жеткізген және Тұтынушы алған жылу энергиясының мөлшері есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша айқындалады. Тұрмыстық тұтынушыларда есепке алу аспаптары болмаған кезде, төлем мөлшері реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері бекіткен нормалар бойынша айқындалады және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітеді.
14. Егер Шартта өзгеше көзделмесе, жылу энергиясын босатуды есепке алу тараптардың теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында жүргізіледі. Есепке алу аспаптары тараптардың теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында орнатылмаған жағдайда, бөлу шекарасынан есепке алу аспаптары орнатылған жерге дейінгі желі учаскесіндегі ысыраптар желінің аталған учаскесі теңгерімінде тұрған иеленушіге жатады.
Жылу ысыраптарын есептеуді немесе жылу ысыраптарына сынақты энергия беруші ұйым Тұтынушымен бірлесіп жүргізеді.
15. Жабдықтардың техникалық жай-күйі үшін жауапкершілік және тұтынушының меншігіндегі, оның ішінде тұтынушылардың ортақ меншігіндегі жылу желілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұтынушыларға жүктеледі және теңгерімдік тиесілігінің шекарасы бойынша анықталады.
Жылу энергиясын есепке алу аспаптарының сақталуына жауапкершілік оның иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша анықталады.
Кондоминиумды басқару органы жылу тұтыну құрылғыларына қызмет көрсетуді дербес немесе мамандандырылған ұйыммен шарт бойынша жүргізе алады.
16. Есепке алу аспабы істен шыққан жағдайда энергиямен жабдықтаушы ұйым көрсетілген кезеңдерге есепке алу аспаптары жоқ Тұтынушылар үшін жылумен жабдықтауды тұтыну нормасы бойынша, бірақ бір айдан аспайтын мерзім ішінде есеп айырысу жүргізеді, осы уақытта есепке алу қалпына келтірілуі тиіс.
Егер есепке алу аспабын көрсетілген мерзімде қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда, есептеу тәртібі және есептеуді қалпына келтіру мерзімдері тараптардың жеке келісімімен белгіленуі тиіс.
Есепке алу аспаптарын үшінші тұлғалар ұрлаған немесе сындырған жағдайда сақтауға жауапты адам, Шартта өзгеше көзделмесе, бір ай мерзімінде есепке алу аспабын қалпына келтіруге міндетті. Есепке алу аспаптарын қалпына келтіргенге дейін Тұтынушы оны жылу желісіне қосуды талап етуге құқылы.
5-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
17. Тұтынушы:
1) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген тарифтер бойынша сатып алуға;
2) осы Шартта белгіленген көлемде және мерзімдерде белгіленген сападағы көрсетілетін қызметтерді алуға;
3) тараптардың келісімі бойынша кәсіпкерлік мақсат және тұрмыстық тұтыну үшін қажетті мөлшерде жылу энергиясын алуға;
4) Шартта айқындалған кәсіпкерлік мақсат үшін тұтынылатын жылу энергиясының мөлшерін өзгертуге;
5) Өнім берушіден Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы ақпаратты алуға;
6) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес үздіксіз циклдағы өндіріске байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде жылу энергиясын үздіксіз алуға;
7) Өнім берушіден жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төлеуді қайта есептеуді және жасалған шарттың талаптарына сәйкес жылу энергиясын толық жеткізбеуден немесе сапасыз жеткізуден келтірген нақты залалды өтеуді талап етуге;
8) Өнім берушіден нақты сыртқы ауа температурасын ескере отырып төлемі бойынша, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің төлемі бойынша қайта есептеуді талап етуге;
9) Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін уәкілетті және (немесе) сот органдарына жүгінуге;
10) жария тыңдауларға қатысуға;
11) Өнім берушіні хабардар еткен және Өнім беруші ұсынған қызмет көлемі бойынша толық ақы төлеген жағдайда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;
12) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға;
13) Өнім берушінің нақты ұсынған қызметтеріне ақы төлеген жағдайда күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Өнім берушіге жазбаша хабарлап, біржақты тәртіппен Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте, жылыту жүйесі көппәтерлі үйдің жалпы жылыту жүйесінің бір бөлігі болып табылатын жеке үй-жай иесінің жылу энергиясымен жабдықтауға жасалған Шарттан біржақты бас тартуына жол берілмейді.
18. Тұтынушы:
1) Шарттың талаптарына сәйкес Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша ұсынған қызметтеріне уақытылы және толық көлемде ақы төлеуге;
2) Өнім берушіге есепке алу аспаптарының істен шыққаны немесе жұмыс режимінің және жұмыс істеу жағдайларының бұзылғаны туралы жазбаша түрде дереу хабарлауға міндетті, олай болмаған жағдайда есепке алу аспаптары тиісті құжаттармен расталған олардың соңғы тексерілуі кезінен бастап істен шыққан болып есептеледі;
3) пайдаланатын желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін тиісті дәрежеде қамтамасыз етуге, энергия тұтынудың белгіленген режимін сақтауға, сондай-ақ Өнім берушіге авариялар, өрттер және энергияны пайдалану кезінде туындайтын өзге де бұзушылықтар туралы дереу хабарлауға;
4) жоспарлы жөндеулер, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жағдайларынан басқа, жылу тұтыну құрылғыларын пайдалануға қосқанға дейін және әрбір жылыту маусымының алдында Өнім беруші берген техникалық дайындық актісін ресімдеу үшін іс-шаралар кешенін жүргізуге;
5) желілердің, аспаптар мен жабдықтардың техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін жылу энергиясын есепке алу аспаптарына және жылу тұтынатын құрылғыларға Өнім беруші және Мемлекеттік энергия бақылау өкілін кедергісіз жіберуді қамтамасыз етуге;
6) Шартты бұзу кезінде есеп айырысуларға салыстыру жүргізу және Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша нақты ұсынған қызметтері үшін борышын өтеуге міндетті.
19. Өнім беруші:
1) Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес Тұтынушылардың сақтауы үшін міндетті техникалық талаптарды белгілеуге;
2) Жылу энергиясын пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен есепке алу аспаптарына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және оларды салыстырып тексеруді ұйымдастыруға;
3) осы Шарттың 7-тармағында көзделген жағдайларда және тәртіппен Шарттың орындалуын біржақты тәртіпте тоқтата тұруға;
4) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген тарифтер бойынша жылу энергиясымен жабдықтау жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін ақы алуға;
5) уәкілетті орган бекіткен тәртіпте тарифтердің қолданылуы кезеңінде жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендетуге;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында белгіленген өзге де іс әрекеттерді жасауға құқылы.
20. Өнім беруші:
1) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің барлық тұтынушылары үшін тең жағдайлар ұсынуға;
2) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға Тұтынушымен Шарт жасасуға;
3) Тұтынушылардан жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілген қызметтерді ұсынғаны үшін төлемдерді, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалана отырып қабылдауды қамтамасыз етуге;
4) жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған шартты жасасу кезінде Тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
5) жылу желілерінің теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасында осы Шартта көзделген жылу энергиясының параметрлерін ұстауға;
6) Тұтынушыға өз құзыреттерінің шегінде мемлекеттік органдар белгілеген сапаға қойылатын талаптарға сәйкес, сондай-ақ Шарттың талаптарында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға;
7) жасалған Шарттың талаптарына сәйкес жылумен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнына қайта есептеу жүргізуге және жылу энергиясын толық жеткізбеуден немесе сапасыз жеткізуден келтірген нақты залалды өтеуге, уәкілетті орган бекіткен сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеу әдістемесіне сәйкес сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау жөніндегі қызметтердің құнын қайта есептеу нәтижелері бойынша тұтынушыларға қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға;
8) Тұтынушыға жеткізілетін жылу энергиясын есепке алуды және оның сапасына бақылауды жүргізуге, жылу энергиясының сапасы бұзылуының алдын алу және оны жою жөнінде уақытылы шаралар қабылдауға;
9) Тұтынушы жылу энергиясы сапасының төмендеуі туралы жазбаша өтініш берген не ауызша өтініш жасаған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде сапаны қалпына келтіру бойынша барлық шараларды қабылдауға және қайта есептеу жасауға;
10) осы Шартта көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда, жылу энергиясымен жабдықтауда үзілістерге жол бермеуге;
11) есепке алу аспабының істен шығуы Тұтынушының кінәсінан болмаған жағдайда, жылу энергиясы есебін өткен жылдың осындай кезеңі үшін Тұтынушының орта тәуліктік шығысы бойынша жүргізуге;
12) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шекті деңгейлерінің өзгеруі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде Тұтынушының назарына жеткізуге;
13) Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиісінше өзгерген жағдайда Тұтынушы үшін жылу энергиясымен жабдықтау тарифтерін уәкілетті орган белгілеген тәртіпте төмендетуге;
14) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес үздіксіз циклдағы өнідіріске байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде Тұтынушыға жылу энергиясын үздіксіз беруге;
15) тұтынушы өкілдерінің қатысуымен жылу энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуға не энергия беруші ұйым өкілдерінің қатысуымен көрсеткіштерді алуды не есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қашықтықтан алуды қамтамасыз етуге міндетті.
6-тарау. Тараптарға қойылатын талаптар
21. Тұтынушыға инженерлік желілерді қайта жабдықтауға, Өнім берушінің келісімінсіз реттеуші және бекіту арматурасын орнатуға, қосуға, қауіпсіз пайдалану талаптарына және энергетика саласындағы нормативтік құжаттарда белгіленген басқа да талаптарға сай келмейтін жабдықтар мен құрылғыларды пайдалануға, жылу энергиясын есепке алудың қолда бар схемасын бұзуға, сондай-ақ жылу беру жүйелерінде жылу тасымалдағышты тікелей мақсатына сай емес пайдалануға жол берілмейді.
22. Тараптарға тараптардың құқықтарын шектейтін не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларын өзгеше бұзатын әрекеттер жасауға тыйым салынады.
23. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
7-тарау. Есеп айырысу тәртiбi
24. Тұтынушы Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес бекітілген тарифтер бойынша жүргізеді;
25. Тұтынушы Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша ұсынған нақты қызметтеріне ақы төлеуді есеп айырысудан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей есепке алу аспаптарының көрсеткіштеріне сәйкес жүргізеді. Есепке алу аспаптары болмаған жағдайда Тұтынушы ақы төлеуді осы Шарттың 13-тармағына сәйкес жүргізеді.
26. Өткен кезеңдер үшiн берешегi болған кезде, төлемақы бiрiншi кезекте осы берешектi өтеуге жiберіледі. Тұтынушы есеп айырысу кезеңi үшiн iс жүзіндегіден артық сома төлеген жағдайда, осы артық айырма келесi есеп айырысу кезеңiнiң аванстық төлемiне автоматты түрде (не тараптардың келiсiмi бойынша Өнім берушінің алдындағы Тұтынушының өзге де мiндеттемелерi бойынша берешегiн өтеу есебiне, егер осындай болса) есептеледi. Егер Тұтынушы Өнім берушінің келесi есеп айырысу кезеңiндегi қызметтерiнен бас тартса, артық төленген сомалар қайтарылады.
27. Егер коммерциялық есепке алу аспаптары ақаулығының нәтижесiнде және басқа да жағдайларда шоттарға түзету енгiзу қажет болған жағдайда Тараптар кейiнгі есеп айырысу кезеңдерiнде шоттарға түзету енгізедi.
28. Төлем құжатында көрсетілген деректемелер бойынша Өнім берушінің ағымдағы шотына ақша аудару Өнім берушінің жылу энергиясымен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерiне ақы төлеу жөнінде Тұтынушының мiндеттемелерiн орындауы деп танылады.
8-тарау. Дауларды шешу тәртібі
29. Жылу энергиясын беруді тоқтату уақыты, сондай-ақ оның сапасының нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес келмеуі уақыты (күні, сағаты) көрсетіліп, кейін жылу энергиясын тиісті сапада беруді қалпына келтірудің уақыты (күні, сағаты) белгісі қойылып, Өнім берушінің диспетчерлік қызметінің журналында белгіленуі қажет.
30. Жылу энергиясын берудегі үзіліс кезінде немесе тиісті сападағы жылу энергиясын бермеу кезінде Тұтынушы бұл туралы Өнім берушіні өзі (өтініммен) немесе міндетті түрде берілген уақыты, күні және берген және қабылдаған адамдардың тектері көрсетілген телефонограммамен хабардар етеді. Телефонограммада тауар сапасының нашарлай бастауының (болмауының) уақыты, нашарлау сипаты және Өнім беруші өкілінің болуының қажеттілігі (егер жылу энергиясы сапасының нашарлауы немесе оны берудегі үзілісті Өнім беруші журналда тіркемесе) көрсетіледі.
Тұтынушы өзі өтініш берген жағдайда өтінімнің көшірмесі болуы тиіс, онда түсуін тіркеу кезінде тіркеу нөмірі, өтінімді беру күні мен уақыты, Өтінім берушінің қабылдап алған өкілінің қолы қойылады. Жылумен жабдықтау тоқтаған кезде өтінім дереу, параметрлері нашарлаған кезде - ауытқу басталған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей беріледі.
Өнім беруші өтінімде (телефонограммада) көрсетілген тауар сапасының ауытқуы, Тұтынушыларға оны берудегі үзілістер туралы журналдағы белгілерді салыстырады және келіспеушіліктер болмаған жағдайда параметрлердің есептіден орта тәуліктік ауытқуына сүйене отырып, тауар құнын қайта есептеуді оны нақты тұтынуына сәйкес жүргізеді.
31. Өнім берушінің жылу энергиясын бермеу немесе сапасы төмен тауар (жылу энергиясын) ұсыну фактісін куәландырудан бас тартқан жағдайда Тұтынушы:
тауарды беруден бас тартудың (ажыратудың) немесе оны сапасыз берудің басталған уақыты;
тауар сапасы нашарлауының сипаттамасы;
өтінім берудің уақыты және оның тіркеу нөмірі (Өнім берушінің журналы бойынша);
жылу энергиясын беруді қалпына келтіру уақыты (оның сапасының қалыпқа келуі);
тауардың болмау (сапасының нашарлау) кезеңі көрсетілген жазбаша өтініш жазуға құқылы.
Өтінішке Тұтынушы, Тұтынушының жылу шаруашылығына жауапты адам, екі тәуелсіз куә қол қояды да, Өнім берушіге жіберіледі. Егер дау реттелмесе, Тұтынушы атом энергиясын пайдалану және электр энергетикасы салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын органдарға немесе сотқа талап арыз беруге құқылы.
32. Желілік судан өз бетімен су таратқан, тұтынушы өз бетімен жылуды тұтыну құрылғыларына қосылған, тұтынушының коммерциялық есепке алу аспаптарын бұзған, есепке алу торабында орнатылған пломба бұзылған немесе ол болмаған жағдайларда энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар акті жасайды және тұтынушы пайдаланған жылу энергиясы көлеміне екі есе мөлшерде қайта есеп айырысу жүргізіледі.
Ыстық су бойынша қайта есеп айырысу бір жылдан аспайтын кезеңге жүргізіледі, ал жылыту желілері үшін жылыту кезеңінің басынан осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген оқиға анықталған сәтке дейін жүргізіледі.
Акт энергия беруші ұйым өкілінің және тұтынушының не оның өкілінің қолдары болған кезде жарамды болады. Акт тұтынушы не оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда жарамды болып табылады, бірақ оны энергия беруші және (немесе) энергиямен жабдықтаушы ұйымның комиссиясы және (немесе) құрамы үш адамнан тұратын кондоминиумды басқару органы рәсімдеуі тиіс.
9-тарау. Тараптардың жауапкершіліктері
33. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
34. Шарттың 28-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот бойынша ақы төлеу мерзімі келген сәтке ол бойынша төлем жасамағаны үшін, Өнім беруші Тұтынушының төленбеген сомалары бойынша төлемді кешіктірген әрбір күн үшін Тұтынушының ақшалай міндеттемені нақты орындау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еседен аспайтын мөлшерінде, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы.
Тұрақсыздық айыбының мөлшерін белгілеу Шарт жасасу кезінде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеу мерзімінің басталуы, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың бірінші күні болып табылады.
35. Егер Өнім беруші үшін Тұтынушыға жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі көрсетілетін қызметті Өнім берушімен шарттық қатынастарда тұрған басқа тұлғалардың кінәсінан ұсыну мүмкін болмаса Тұтынушының алдында Өнім беруші жауапты болады.
36. Тұрақсыздық айыбын төлеу тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
10-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
37. Тараптар шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмес күш мән-жайларының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеуге құқылы болмайды. Тараптардың кез келгенінің талап етуі бойынша өзара міндеттемелердің орындалуын айқындайтын комиссия құрылуы мүмкін. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы Шарт талаптарының орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына әкеп соғатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары (болжау немесе алдын алу мүмкін болмайтын дүлей зілзала немесе өзге де мән-жайлар), сондай-ақ әскери іс-қимылдар, ереуілдер және т.б. басталғанға дейін туындайтын шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда, Тараптар олар басталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті ұйымы растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталу күнін және сипаттамасын нақтылайтын жазбаша хабарламаны кейіннен табыс ете отырып не пошта арқылы жібере отырып, бұл туралы бір-біріне хабарлайды.
38. Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмейтін күш мән-жайларының қолданылу мерзіміне, бірақ мұндай мән-жайлар шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатыла тұруы мүмкін.
Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары үш және одан да көп айға созылатын болса, Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа болжамды бұзу күніне дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн бұрын алдын ала хабарланған жағдайда Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар отыз күнтізбелік күн ішінде шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуларды жүргізуге міндеттенеді.
11-тарау. Жалпы ережелер және дауларды шешу
39. Жылу энергиясымен жабдықтау бойынша қызмет көрсету шарты Тұтынушымен жеке тәртіпте жасалады.
40. Шарттың қандай да бір ережесі бойынша немесе Шарттың ережесіне қатысты жалпы немесе қандай да бір мәселеге немесе әрекетке байланысты қандай да бір дау немесе келіспеушілік туындаған жағдайда, Тараптардың кез келгені басқа тарапқа даудың мәнін толық баяндай отырып, наразылық жолдауға құқылы.
Тараптар келіссөздер арқылы барлық дауларды реттеу үшін барлық күштерін жұмсайды.
41. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда Шарт бойынша барлық даулар мен келіспеушіліктер жауапкердің орналасқан жері бойынша соттарда шешіледі.
Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Шартты бұзуға құқылы.
42. Тараптардың Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
43. Шарт екі данада қазақ және орыс тілдерінде әрбір Тарап үшін бір данадан жасалады.
44. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгілік Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да талаптармен толықтырылуы мүмкін.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
12-тарау. Шартты қолдану мерзiмi
44. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" ________ қоса алғанда қолданыста болады.
45. Егер тараптардың бірі бұл туралы Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын мәлімдесе, Шарттың қолданылу мерзімі жылу энергиясының көлемін нақтылай отырып, белгілі бір мерзімге ұзартылады. Шарттың мерзімін ұзарту Шартқа қосымша келісіммен ресімделеді.
Тараптардың бірінің мерзімі аяқталғаннан кейін шартты тоқтату немесе өзгерту туралы өтініші болмаған жағдайда, ол шартта көзделген мерзімге және талаптармен ұзартылған болып есептеледі.
13-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелерi және қолдары
Өнім беруші: «Таразэнергоорталық»
акционерлік қоғамы |
Тұтынушы:
|
|
|
|
|