көрсетілген белсенділікті Клиент өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі арқылы "Менің Beeline-ым" Жеке кабинетін жүргізе алмайтын мәселелер бойынша (техникалық жұмыстарды жүргізу себебінен жүйе қолжетімсіз болған жағдайда): - 2017 жылғы 01 мамырға дейін Шарт...
№_________________Шартқа
№___ Қосымша келісім
__________ қаласы «___»_______________ 202_ ж.
Ары қарай «КаР-Тел» аталатын «КаР-Тел» ЖШС атынан ____________________ негізінде әрекет ететін ____________________, бір Тараптан және ары қарай Клиент аталатын, ________________ атынан ______________________________ негізінде әрекет ететін __________________, екінші тараптан, жеке-жеке Тарап, ал бірге «Тараптар» аталады, «_________» _____ жылғы №___ Шартқа (ары қарай мәтінде - Шарт) төмендегілер туралы осы Қосымша келісімді (ары қарай мәтінде - Келісім) жасасты:
Шарт келесі мазмұндағы баппен толықтырылсын:
"Клиенттің _________________________________________ электронды мекенжайынан "КаР-Тел" ЖШС-ның электронды мекенжайына, Xxxxxxx@xxxxxxx.xx, сондай-ақ @ beeline.kz-ке аяқталатын электронды пошта мекенжайына жіберген, мәні Клиентке ресімделген корпоративті топтың абоненттік нөмірлеріне қызмет көрсету шарттары болып табылатын хабарламалары
көрсетілген белсенділікті Клиент өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі арқылы "Менің Beeline-ым" Жеке кабинетін жүргізе алмайтын мәселелер бойынша (техникалық жұмыстарды жүргізу себебінен жүйе қолжетімсіз болған жағдайда):
- бюджеттердің өзгеруі (Мобильді бюджет қызметі шартымен) және шектеулер;
-абоненттік нөмірді (-лерді) бұғаттау немесе бұғаттан босату;
-Клиентте қабылдау-тапсыру акті (актілері) бойынша берілген сим-карта болған жағдайда, корпоративтік топтың құрамына кіретін абоненттік нөмірде (-лерде) сим-картаны ауыстыру;
- корпоративтік топтың абоненттік нөмірлері бойынша нақты есеп ұсыну.
2) басқа сұрақтармен:
- қосымша ұялы байланыс қызметтерін қосу немесе өшіру;
- шығарылған абоненттік нөмірді (нөмірлерді) қайта ресімдемей, корпоративтік топ құрамынан үшінші тұлғаға абоненттік нөмірді (нөмірлерді) шығару;
-Абоненттік шартты (Шарттарды) бұза отырып, корпоративтік топ құрамынан абоненттік нөмірді шығару.;
- 2017 жылғы 01 мамырға дейін Шарт жасалған жағдайда, абоненттік нөмірдегі (-лердегі) тариф жоспарын Шарттың №2 Қосымшасында қарастырылған тарифтік жоспарға ауыстыру; - абоненттік нөмірдегі (-лердегі) тариф жоспарын «КаР-Тел» ЖШС-ның xxx.xxxxxxx.xx сайтындағы, "Бизнес" бөлімінде жарияланған тариф жоспарларына ауыстыру. Бұл тармақ 2017 жылғы 01 мамырдан бастап Шарт жасаған Xxxxxxxxx абоненттік нөміріне (-леріне) қолданылады;
- 2019 жылғы 01 қаңтарға дейінгі кезеңдерге ұсынылған салық шот-фактураларының телнұсқаларын беру;
- корпоративтік топ шеңберінде абоненттік нөмірдің бір дербес шотынан басқа абоненттік нөмірдің дербес шотына ақша қаражатын аудару;
- шарт бойынша хат-хабарларды жеткізу мекенжайын, клиенттің заңды мекенжайын, деректемелерін өзгерту;
- өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесінің "Менің Beeline-ым" Жеке кабинетіне кіру үшін байланысатын тұлғаның деректерін өзгерту (көрсетілген байланыс тұлғасына сенімхат ұсына отырып);
- Шарттың осы бөлімін ресімдеу мақсатында пайдаланылатын Клиенттің байланыс тұлғасының электрондық мекенжайын(дарын), сондай-ақ басқа деректерін өзгерту және/немесе толықтыру;
Тараптар Клиенттің қалауы деп таниды және ол Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Xxxxxxxxx осы тармақта аталған хабарламаларын өңдеу мерзімі хабарламаны алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күніне дейін. Бұл ретте, тиісті хабарлама шеңберінде Кар-Тел клиенттен оларды ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, қосымша құжаттарды сұратуға құқылы. Бұл жағдайда хабарламаны өңдеу мерзімі клиенттен сұратылған қосымша құжаттарды алған сәттен бастап есептеледі.
Кар-Тел осы тармақта көрсетілген хабарламаларды өңдеуден бас тартуға құқылы, егер:
1) хабарлама Шарттың осы тармағында қарастырылған электронды мекенжайдан келіп түспесе;
2) КаР-Телдің сұратуы бойынша қосымша ақпарат және/немесе құжат (тар) ұсынылмаған жағдайда;
3) Клиенттің Шартта қарастырылған кепілдері бұзылса;
4) хабарламаның мәні Шарттың осы тармағындағы талаптарда қарастырылмаған мәселе болса;
5) хабарламаның мәні Клиенттің корпоративтік тобының құрамына кірмейтін нөмірге(-лерге) қызмет көрсету және/немесе егер хабарламада көрсетілген абоненттік нөмірдің(-лердің) абоненті Клиент болмаса және соңғысы осы тармақта көзделген құжаттарды ұсынбаса;
6) Егер хабарламаның мазмұны оның мәнін анықтауға мүмкіндік бермесе;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да мән-жайлар бойынша.
Xxxx Xxxxxxxxx корпоративтік тобына кіретін абоненттік нөмір жеке тұлғаға (бұдан әрі – абонент) ресімделген болса, Клиент абоненттің атынан оның қолы қойылған өтінішті және соңғысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады. Тараптар xxx.xxxxxxx.xx ресми сайтында жарияланған құжаттардың (өтінімдер, өтініштер және т. б.) үлгілерін пайдалануға келісті. Осы Xxxxxx қол қоя отырып, Клиент қажеттілік туралы хабардар етілгенін растайды және аталған өтінішті және абоненттің атынан КаР-Тел мекенжайына абоненттің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін беруге және осы Шартты орындау мақсатында оған қол қоюға келісімін жинауға міндеттенеді. Осы Xxxxxx қол қоя отырып, Клиент хабарламаларды электронды мекенжайға жіберу күніне аталған жазбаша өтініш пен осы Шарттың талаптарында абоненттен келісімді алуды қамтамасыз етеді және растайды. Клиент КаР-Телдың жазбаша сұрауы бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Шартта көрсетілген жазбаша өтініш пен келісімнің түпнұсқасын КаР-Телге беруге міндетті.
Клиентке осы Шартта қаарстырылмаған мәселелер бойынша қызмет, мекенжайлары КаР-Телдың xxx.xxxxxxx.xx ресми сайтында жарияланған КаР-Телдың ашық кеңселерінде көрсетіледі.
Клиент Қосымша келісімде көрсетілген сервис арқылы Шарт шеңберінде ұсынылатын ақпараттың анықтығына кепілдік береді. Клиент осы кепілдерді, сондай-ақ Шартта және осы Келісімде қарастырылған өзге де міндеттемелерді орындамаған жағдайда, Клиент осындай бұзушылық/ орындамау нәтижесінде келтірілген дәлелденген залалдарды толық өтеуге міндеттенеді.
Осы Келісім шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Келісім күшіне енген күннен бастап электронды қызмет көрсету шартына бұрын жасалған Қосымша келісім өз қолданысын тоқтатты деп танылады.
Осы Келісімнің талаптарымен өзгертілмеген және толықтырылмаған барлық жағдайда Тараптар Шарттың ережелерін басшылыққа алады, бұл ретте шарттың талаптары өзгеріссіз қалады, Тараптар олар бойынша өз міндеттемелерін растайды.
Осы Xxxxxxx оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Шарттың қолданылу мерзімінде қолданылады.
Осы Келісім Тараптардың әрқайсы үшін бір-бір данадан заңды күші бар екі теңтүпнұсқалы данада жасалды және қол қойылды.
Тараптардың деректемелері және қолдары:
«КаР-Тел»: «КаР-Тел» ЖШС Индекс: 010010, Қазақстан Республикасы, Қадырғали Жалайыри көшесі, 2-үй БСН 980540000397 Алматы қаласындағы «ForteBank» АҚ филиалы IBAN XX000000000000000000 БСК XXXXXXXX ҚҚС бойынша тіркеуге тұру куәлігі Серия 60001 № 0078651 күні 13.08.2012 ж. «КаР-Тел» ЖШС
___________________________________ (қолы, мөр) |
Клиент:_____________________________________ _____________________________________ _____________________________________ _____________________________________ _____________________________________
____________________________ (қолы, мөр) |
2