Ай сайын Тапсырыс берушіге ағымдағы айдың 25 (жиырма бесіне) дейінгі күнінен кешіктірмей, esf.gov.kz порталында атқарылған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) өз тарапынан қол қойылған актісін дайындауға. Атқарылған жұмыстар (көрсетілген қызметтер)...
Қызмет көрсету туралы КЕЛІСІМ-ШАРТ
Астана қ. «___» ________ 202_ ж.
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын «_________________» _____, атынан __________ _____________, негізінде әрекет ететін _______, және бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын «Астана-ЕРЦ» ЖШС атынан Бұйрық негізінде әрекет ететін, Бас директордың өндіріс және даму жөніндегі орынбасары X. Б. Бекенов, бірлесіп Тараптар аталатындар, төмендегілер туралы келісімге келді:
Келісілген анықтамалар
Щарттың мәтінінде қабылданды:
«Бірыңғай төлем құжат» (әрі қарай – БТҚ) – Орындаушымен Тапсырыс берушінің қызметтерін тұтынушыларға төлеуге қоятын шот-хабарлама.
«Банк» – Тапсырыс берушімен келісілген, БТҚ бойынша төлемдерді қабылдауға уәкілеттік берілген екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар.
«Тұтынушылар» - Тапсырыс берушіден тұрмыстық қажеттіліктер үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді алатын және Астана қаласының тұрғын үй иелері не жалдаушылары болып табылатын жеке тұлғалар.
«Тапсырыс берушінің қызметтері» - эксплатациялық шығындар (оның ішінде жинақтаушы жарналар, тұрақ орны, нысаналы жарналар).
«Дербес деректер» - электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште бекітілген белгілі бір немесе олардың негізінде айқындалатын Дербес деректер субъектісіне жататын мәліметтер.
Xxxxxxx мәні
Тапсырыс беруші тапсырады және төлейді, ал Орындаушы Тапсырыс берушінің қызметтерін БТҚ-ға енгізу бойынша өзіне, атап айтқанда Тапсырыс берушіге қызмет түрлерін көрсету бойынша келесі міндеттемелерді қабылдайды:
- деректер базасын жүргізу;
- бағдарламалық жасақтамада есептеулерді жүргізу;
- БТҚ-ны басып шығару және қаптау;
- БТҚ-ны жеткізу;
- төлемдерді өңдеу.
№1Қосымша және №1, №2, №3, №4 Нысандар Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
Орындаушы Шарт бойынша Қызмет көрсету мәселесін "Астана-ЕРЦ" ЖШС сайтында орналастырылған құжаттар тізбесіне сәйкес Тапсырыс берушімен ұсынылған құжаттар негізінде, сондай-ақ Орындаушының деректер базасында Ашық дербес шоттар болған жағдайда қарайды.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Орындаушы құқылы:
Осы Xxxxxxx талаптарына сәйкес көрсетілген қызметтер үшін төлемақы алуға.
Тапсырыс беруші осы Шарттың 3.4. тармағын орындамаған жағдайда, осы Шарттың 3.2.2. және 3.2.3. тармақтарында көрсетілген міндеттерді орындамау құқығын өзіне қалдыруға.
Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер жасауға.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, шартқа өзгерістер енгізу қажеттілігі туындауына байланысты, Тапсырыс беруші шартқа өзгерістер енгізуден бас тартқан жағдайда қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға.
БТҚ-ға басқа қызмет көрсетушілердің қызметтерін қосуға. БТҚ-да қызметтерді орналастыру тәртібі Орындаушымен айқындалады.
Орындаушы міндетті:
БТҚ қалыптастыру үшін тапсырыс берушіден алынған деректерді ай сайын өңдеуге.
Ай сайын есеп айырысу кезеңінен кейінгі 15 куннен кешіктірмей, БТҚ жеткізу бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыруға. Бұл ретте, қажет болған жағдайда бұл мерзім күнтізбелік 5 (бес) күнге дейін ұлғайтылуы мүмкін.
Тұтынушылардан түсетін төлемдерді күн сайын Тапсырыс берушінің тиісті қызметтері бойынша өңдеу және бөлуге және Банктен төленген БТҚ алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Шартта көрсетілген Тапсырыс берушінің есеп шотына ақшалай қаражатты аудару үшін банк бойынша төлемдерді бөлу ведомостерін қалыптастыруға. Бұл мерзім есепті кезеңнен кейінгі айдың 1 (бірінші) күнінен бастап 7 (жетінші) күні аралығында төленген және банкпен қабылдаған БТҚ-ға қатысты үш жұмыс күніне ұлғайтылуы мүмкін.
Ай сайын Тапсырыс берушіге ағымдағы айдың 25 (жиырма бесіне) дейінгі күнінен кешіктірмей, xxx.xxx.xx порталында атқарылған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) өз тарапынан қол қойылған актісін дайындауға.
Тапсырыс берушіге есеп айырысу кезеңінен кейінгі 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей Тапсырыс берушінің қызметтері үшін төлемдер туралы ай сайынғы есептерді "Астана-ЕРЦ" ЖШС сайтындағы жеке кабинетте өз бетінше алу үшін дайындауға. Орындаушының сайтында техникалық ақаулар болған жағдайда, есептер Тапсырыс берушіге электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Осы келісім-шарттың шарттары бойынша Банкпен шарт жасасу жолымен Тапсырыс берушінің қызметтері үшін тұтынушылардан БТҚ бойынша төлемдерді қабылдауды қамтамасыз етуге. Бұл ретте Банктің белгіленген комиссиясы ескеріледі. Тапсырыс беруші банкке төлемдерді бөлу ведомосіне сәйкес, тұтынушылардың қабылданған төлемдерінің сомасынан күн сайын ұстап қалатын төлемдерді қабылдағаны үшін комиссиялық сыйақы төлейді.
Тапсырыс беруші құқылы:
Шартта белгіленген мерзімде тиісті сападағы Қызметтерді алуға.
Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Шартқа қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттерді жасауға.
Орындаушының міндеттемелерінің орындалуына бақылау жүргізуге, бұл ретте мұндай әрекеттер осы Шарттың мәнін орындауға кедергі болмауы тиіс.
Тапсырыс беруші міндетті:
Есеп айырысу айының 10-нан 25-не дейін БТҚ қалыптастыру үшін Орындаушыға электрондық форматта нақты деректерді ұсыну, атап айтқанда:
- №1 Нысанға сәйкес, жаңадан қосылған абоненттер туралы толық ақпаратты қамтитын деректер (мекен-жайын, ТАӘ, тарифін және сальдо);
- №2 Нысанға сәйкес, қызметтер бойынша соңғы сальдоны түзету (дербес шотты, мекен-жайды, ТАӘ және сальдо);
- №3 Нысанға сәйкес, Тапсырыс берушінің кассасына түскен төлемдер тізімін (дербес шотты, мекен-жайын, ТАӘ мен енгізілген төлемдердің сомасын көрсету) ұсыну;
- №4 Нысанға сәйкес, тарифтердің, аудандардың өзгеруі, қызметтердің алынып тасталуы туралы ақпарат беру.
3.4.2. Осы Xxxxxxx талаптарына сәйкес, Орындаушы көрсеткен қызметтердің ақысын төлеуге.
3.4.3. Ағымдағы айдың соңғы жұмыс күніне дейінгі мерзімде xxx.xxx.xx порталында Орындаушыдан орындалған жұмыс (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қоюға немесе оған қол қоюдан дәлелді бас тартуды ұсынуға. Тапсырыс берушінің осы мерзімді бұзуы қызметтерді ескертусіз қабылдау ретінде қарастырылады.
3.4.4. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" ҚР Заңына сәйкес, Орындаушыда Тапсырыс берушінің қызметтерінің төлемдері үшін әрбір тұтынушыдан, оның дербес деректерін ұсынуға, жинауға және өңдеуге жазбаша келісімін алуды қамтамасыз етуге.
3.4.5. Тапсырыс берушінің қызметтері үшін есептелген төлемдер бойынша ұсынылатын құжаттар мен деректердің дұрыстығы мен толықтығы, сондай-ақ тұтынушылардың дербес деректерінің құпиялылығы үшін Орындаушы, тұтынушылар және үшінші тұлғалар алдында толық жауапкершілікті алуға.
3.4.6. Жаңа деректемелер қолданысқа енгізілгенге дейін 3 күнтізбелік күн бұрын Орындаушыны Тапсырыс берушінің деректемелеріндегі өзгерістер туралы хабардар ету.
3.4.7. Шарт бойынша қызмет көрсету үшін, Орындаушыға "Астана-ЕРЦ" ЖШС сайтында орналастырылған тізімге сәйкес қажетті құжаттарды ұсынуға.
Тұтынушылар құқылы:
3.5.1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде тиісті құжаттарды ұсына отырып, Тапсырыс берушінің қызметтері бойынша шоттарды басып шығаруды тоқтатуға қатысты Орындаушының атына өтініш жолдауға.
Төлемақы төлеу шарттары
Осы Шарттың 2.1. тармағында қарастырылған Орындаушы қызметтерінің құны, Тапсырыс берушінің бір қызметін БТҚ-ға енгізгені үшін ҚҚС-ны қоса алғанда 31 (отыз бір) теңгені құрайды. Бұл ретте Тапсырыс беруші қызметінің ерекшелігін ескере отырып, "Эксплуатация шығындар" позициясының құрамына оның ажырамас бөліктері, атап айтқанда нысаналы жарналар, жинақтаушы жарналар, тұрақ орны кіреді.
Атқарылған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне қол қойылғаннан кейін, есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 25 (жиырма бесінші) күнінен кешіктірмей xxx.xxx.xx порталында қойылған шот-фактураға сәйкес, Орындаушының атқарылған жұмыстары (көрсетілген қызметтері) үшін ақы төлеу қажет.
Осы Шарттың 4.2-тармағында көрсетілген мерзімде төленбеген жағдайда, Орындаушының көрсетілген қызметтер үшін сыйақысы және/немесе осы Шарттың 7.2-тармағына сәйкес, айыппұл санкциялары төлемдерді бөлу ведомосіне сәйкес, Банк қабылдаған тұтынушылар төлемдерінің сомасынан ұсталады.
Даулы мәселелерді шешу
5. 1 Орындаушы Тапсырыс беруші мен үшінші тұлға (үшінші тұлғалар) арасында туындаған келіспеушіліктер туралы ақпаратты алған кезде, Орындаушы даулы мәселе реттелгенге дейін даулы үй бойынша қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға не қызмет көрсетудің заңдылығы расталған жағдайда даулы үй бойынша қызметтер көрсетуді үшінші тұлғаның пайдасына жүзеге асыруға құқылы.
5.2. Тараптар осы Шартты орындау барысында немесе соған байланысты туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы сотқа дейін реттеу үшін барлық шараларды қабылдайды.
5.3 Дауларды келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, Тараптар оларды қарауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті сатыдағы сотқа жібереді.
5.4. Орындаушы тұтынушыдан Тапсырыс берушінің өзі көрсеткен қызмет үшін соманы есепке жазудың заңдылығы туралы жазбаша өтінішін алған кезде, Орындаушы осы мәселе шешілгенге дейін өтініш беруші тұтынушы бойынша БТҚ-да Тапсырыс берушіге қызмет көрсетуді тоқтата тұруға құқылы. Бұл жағдайда басып шығаруды тоқтата тұрумен бір мезгілде Орындаушы Тапсырыс берушіге тұтынушыға осы сомаларды есепке жазудың заңдылығын растайтын құжаттарды ұсыну үшін хат жібереді.
5.5 Тұтынушылар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде тиісті құжаттарды ұсынған жағдайда, Орындаушы Тапсырыс берушіге даулы үй бойынша қызметтер көрсетуді тоқтата тұруға құқылы.
Келісім-шартты өзгерту, толықтыру және бұзу
Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және міндетті болады, белгілі бір мерзімге жасалмайды.
Осы Шартты өзгерту, толықтыру және бұзу Тараптар арасындағы тиісті өзара келісімге қол қою арқылы мүмкін болады.
Осы Xxxxxxx мәні өзгермеген жағдайда өзгерістер енгізуге жол беріледі.
6.4 Жазбаша нысанда жасалған және екі тарап қол қойған шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар Шарттың ажырамас бөлігі болып келесі жағдайларда табылады:
- Бағалардың, тарифтердің, алымдар мен төлемдердің және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де мән-жайлардың өзгеруіне байланысты шарт бағасының сомасы ұлғайғанда;
- Тараптар туралы банктік деректемелер мен өзге де деректер өзгергенде;
- Басқа жағдайларда тараптардың келісімі бойынша.
Кейінгі мезгілмен жасалған келісім бұрын қабылданғаннан басым күшке ие.
Тараптардың бірі банкрот болған жағдайды қоспағанда, Тапсырыс беруші Орындаушының қызметтері үшін берешекті толық өтеген кезде, Шарт тараптардың келісімі бойынша екінші Тарапқа бұзудың болжамды күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жазбаша хабарлама жіберу арқылы бұзылуы мүмкін. Бұл ретте хабарламада шартты бұзу себебі, жойылған шарттық міндеттемелердің көлемі, сондай-ақ осы шартты бұзу күшіне енген күні көрсетілуі тиіс.
Тараптардың жауапкершілігі
7.1 Тараптар Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7.2 Тапсырыс берушінің жауапкершілігі:
7.2.1 Егер Тапсырыс беруші өзінің қызметтері мен түзетулері үшін есептелген төлемдер туралы қате мәліметтерді ұсынған жағдайда, Орындаушы осы Шарт бойынша төлемдер ведомісіне сәйкес, Орындаушымен Тапсырыс берушіге өткен ай үшін есептеген соманың 0,5% мөлшерінде айыппұл ұстап қалуға құқылы.
7.2.2 Тапсырыс берушінің 4.2-тармақта айқындалған қызметтерге ақы төлеу мерзімін бұзғаны үшін, Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша Орындаушы Тапсырыс берушіге өткен ай үшін есептеген соманың 0,5% мөлшерінде әр өткен күн үшін айыппұл төлейді.
7.2.3 Тапсырыс беруші осы Шарттың 3.4.1. тармағымен көзделген міндеттерін бұзған жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушыға осы Шарт бойынша Тапсырыс берушіге Орындаушымен өткен ай үшін есептеген соманың 0,5% мөлшерінде әр өткен күн үшін айыппұл төлейді.
7.2.4 Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, үшінші тұлғаларға құпия деректерді, оның ішінде дербес шоттардың нөмірлерін және өзге де деректерді Орындаушының жазбаша келісімінсіз жария еткен жағдайда, жауапты болады.
7.3 Орындаушының жауапкершілігі:
7.3.1 Орындаушы коммуналдық қызметтер үшін есептелген төлемдер бойынша қате мәліметтер көрсеткен жағдайда, Тапсырыс беруші Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт бойынша өткен ай үшін қойған соманың 0,5% мөлшерінде айыппұл төлеуді талап етуге құқылы.
7.3.2 Орындаушының кінәсінен қызмет көрсету мерзімін бұзғаны үшін Тапсырыс беруші Орындаушының осы Шарт бойынша Тапсырыс берушіге берген сомасының 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы. Бұл ретте Тапсырыс беруші мұндай фактіні құжатпен растайды (суретке түсіру, куәгерлер мен мүдделі тұлғалардың қолдары).
7.4 Тараптар үшін тұрақсыздық айыбының және/немесе өсімпұлдың жалпы сомасы Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт бойынша өткен айда қойған соманың 10%-нан аспауы тиіс.
7.5 Осы Шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлеу, Тараптарды Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
8 Өзге де шарттар
8.1. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда қосымша келісіммен ресімделеді және тараптармен қол қойылады.
8.2. Шартқа барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
8.3. Тараптар Шарт қарастырмаған басқа жағдайларды, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып қарастырады.
8.4. Шарт қазақ тілінде бірдей заңды күші бар 2 (екі) данада, әр тарап үшін 1 (бір) данадан жасалды.
8.5. Тараптардың ешқайсысының шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін екінші Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
8.6. Тараптардың бірі қайта ұйымдастырылған жағдайда, шарт бойынша құқықтар мен міндеттер тоқтатылмайды және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Тараптардың құқықтық мирасқорларына көшеді.
Тараптардың реквизиттері және қолдары
Тапсырыс беруші:
|
Орындаушы: «Астана-ЕРЦ» ЖШС Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Сарыарқа ауданы Мамбетова көш. 24 БИН: 080840006953 ИИК: XX000000000000000000 БИК: XXXXXXXX "Банк Центр Кредит" АҚ Тел: 8(7172) 57-80-73
Бас директордың өндіріс және даму жөніндегі орынбасары
__________________Бекенов X.Б.
|
|
|
|
|
202_ жылғы «__» ____________
Қызмет көрсету Шартына
№1 қосымша
Тапсырыс берушінің қызметтер тізімі
«__» ___________ 202_ жыл
№ |
Қызмет атауы |
|
|
|
|
Тапсырыс беруші:
_______________ |
|
-
202_ жылғы «__» ____________
Қызмет көрсету Шартына
№1 нысан
Жаңа абоненттерді еңгізу
Т.X.X.
Көше
Үй
Пәтер
Үй-жай ауданы
Тариф
Сальдо
E-mail
барлығы
Xxxxx
(тегі, аты,әкесінің аты)
М.П.
202_ жылғы «__» ____________
Қызмет көрсету Шартына
№2 нысан
«__» ______ 202_ жылы
Қызметтер бойынша соңғы сальдоны түзету
БҚТ дербес шоты
Көше
Үй
Пәтер
Сальдо
Қызмет түрі
барлығы
Xxxxx
(тегі, аты, әкесінің аты)
М.П.
|
|
|
|
202_ жылғы «__» ____________ |
|
|
|
|
Қызмет көрсету Шартына |
||
|
|
|
|
№3 нысан |
|
|
|
|
|
|
|
Өзге төлемдерді енгізу |
|||||
|
|
|
|
|
|
БҚТ дербес шоты |
Көше |
Үй |
Пәтер |
Төлем суммасы |
Қызмет түрі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы |
|
|
|
|
|
|
|
(тегі, аты, әкесінің аты) |
|
|
|
|
|
М.П. |
202_ жылғы «__» ____________ |
|
Қызмет көрсету Шартына |
|
№4 нысан |
|
|
|
|
|
|
|
БҚТ дербес шоты |
Қызмет түрі |
Көше |
Үй |
Пәтер |
Үй-жай ауданы |
тариф |
Үй-жай ауданы |
тариф |
Қызметті алып тастау |
Есептеуді тоқтата тұру/есептеуді қайта жаңарту |
бастапқы |
соңғы |
|||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М.П. |
*Ескерту:
4-ші Нысан келесі мәндерді түзетуге арналған:
- аудандар (бастапқы және соңғы мәнді көрсету);
- тариф (бастапқы және соңғы мәнді көрсету);
- қызметті алып тастау ("жоюды"/ "басып шығармауды" көрсету);
- тоқтата тұру/қайта жаңарту ("есептемеуді"/ "есептеуді" көрсету)